Шымкентте «KAZBAT» көркем фильмінің көрсетілімі өтті

0
1 504

Кинотуынды 21 қарашадан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды.


Шымкентте «KAZBAT» көркем фильмінің көрсетілімі өтті

Үшінші мегаполисте тәжік-ауған шекарасында бітімгерлік мақсатта қызмет атқару барысында қаза тапқан сарбаздардың құрметіне түсірілген фильмді көпшілік тамашалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған көркем туындыда 1995 жылы 7 сәуір күні Пшихарв шатқалында Қазақстан Ішкі әскерінің жетінші құрама ротасына жасалған шабуыл баяндалады.

Фильмнің идеясын ұсынған – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов болса, режиссер – Асқар Ұзабаев, ал фильмнің қоюшы бас операторы – Максим Задарновский.

Сондай-ақ, бұл фильмде танымал актерлер Дәурен Серғазин мен Ринат Дошибеков, одан бөлек Халық Рахат, Дияс Мырзахмет, Шарифбек Закиров және Индира Шынболатқызы есімді жас актерлер басты рөлдерді сомдайды.

Атап айтсақ, жаңа кинотуынды 21 қарашадан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды. Фильмнің теледидарға арналған нұсқасы келесі жылы 7 сәуірден бастап, аталған қарулы қақтығыстың 25 жылдығына орай «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі.