Шымкентте халықаралық дарынды жастар форумы өтті

0
1 161

Форум барысында жастардың инновациялық жобалары мен жетістіктері таныстырылды.


Шымкентте халықаралық дарынды жастар форумы өтті

Шымкент қаласында Өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігі халықаралық жастар фоумын ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласында қала әкімдігінің қолдауымен Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дўстлик» қауымдастығының және қалалық Өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Дарынды жастар – ел тірегі» атты халықаралық жастар форумы өтті.

«Жастар жылы» аясында заман талабына сай біліктілікке ие жастарды әлеуметтік саяси реформаға шақыру, дарынды жастардың жобаларына қолдау көрсету және кәсіпкерлермен өзара қарым-қатынас орнатуға ықпал жасау мақсатынды ұйымдастырылып, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен басқосуға Өзбекстан Республикасынан, Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев бастаған делегаттар және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысынан 800-ден астам жастар келген. Тиісінше, осы форум барысында жастардың инновациялық жобалары мен жетістіктері таныстырылды.

Сонымен қатар, Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі Мұраталі Оразалыұлы Қалмұратов пен Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Хашимжанов Икрам Акрамоұлы форумды қорытындылап, жеңімпаздарды бірнеше дәрежелі дипломдармен марапаттды және қатысушыларға сертификат табыстады.