Шымкентте «Халықтық заңгер» науқаны өтеді

0
2 407

Кез келген азамат заңгерлік қоғамдастықтың үздік өкілдерінен қажетті кеңестер ала алады.


Шымкентте «Халықтық заңгер» науқаны өтеді

2019 жылдың 22 қарашасында сағат 17:00-де Қазақстанның барлық қалаларында «Халықтық заңгер» атты жалпы ұлттық науқан басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған науқан Шымкенттегі мына мекен-жай бойынша өткізіледі:

1. Mega Planet Шымкент (Тәуке-хан даңғылы 13);

2. Шымкент қаласы Абай аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі (Мәделі Қожа көшесі, 16/1).

Атап айтсақ, бұл науқанның мақсаты – халықтың құқықтық сауатын арттыру. Науқан барысында кез келген азамат заңгерлік қоғамдастықтың үздік өкілдерінен қажетті кеңестер ала алады. Олардың қатарында танымал заңгерлер, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, әділет қызметкерлері, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімдерінің өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары және т.б. болады.