Шымкентте ХҚКО қызметінің жұмыс кестесі өзгерді

0
882

ХҚКО-ғы азаматтарды дүйсенбі-сенбі аралығында сағат 08.00-ден 12.00-ге дейін қабылдайды.


Шымкентте ХҚКО қызметінің жұмыс кестесі өзгерді

Шымкент қаласының ХҚКО-ғы жұмыс кестесін уақытша өзгертті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс кестесін уақытша өзгертті. Бұл туралы шешімді қалалық жедел штаб қабылдады.
Карантин мерзімі аяқталғанша, ХҚКО-ғы азаматтарды дүйсенбі-сенбі аралығында сағат 08.00-ден 12.00-ге дейін қабылдайды.
Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында ХҚО-ға кезек уақытын белгілеу үшін еgov.kz порталын, eGovKzBot2.0 телеграм-ботын пайдалануға немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.
ХҚО-ға барған кезде қашықтықты сақтауды сұраймыз және медициналық маскалардың болуы талап етіледі.