Шымкентте кінәлі тұлғаның есебінен тұрғындарға үй әперіледі

0
1 270

Қазанғап ақын көшесіндегі үйдегі 8 пəтердің төртеуіндегі қабырғада ені 10 см жарық пайда болған


Шымкентте кінәлі тұлғаның есебінен тұрғындарға үй әперіледі

ERNUR.KZ. Шымкент қалалық әкімдігі тұрғындарға көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласындағы Қазанғап ақын көшесіндегі үйдегі 8 пəтердің төртеуіндегі қабырғада ені 10 см жарық пайда болған. Қазіргі таңға дейін бұл пəтерлерде 11 адам тұрып келген екен.

Осыған орай үйге тиісті сала мамандары зерттеу жасаған. Тексерудің қорытындысы Шымкент қаласы əкімінің орынбасары Н.Ергешбектің төрағалығымен өткен төтенше жағдай бойынша қалалық комиссияның шұғыл отырысында талқыланды.

Қазіргі таңда 4 пәтердің үшеуінің тұрғындарына уақытша баспана берілді. Жарықтың пайда болуына соқтырған себеп пен кінәлі тұлға анықталған соң ол тұрғындарға кінәлі тұлғаның есебінен баспана сатып алып беріледі.