Шымкентте кинологтардың сынағы жаңа форматта өтті

0
700

Сертификаттық сынаққа екі бірдей кинологиялық топ қатысты.


Шымкентте кинологтардың сынағы жаңа форматта өтті

Шымкентте кинологтардың сынағы жаңа форматта өтті деп хабарлайды Ernur.kz тілшісі.

Сертификаттық сынаққа екі бірдей кинологиялық топ қатысты. Олар ламбрадор тұқымды Жасмин, Берта, Рой есімді үш төбетті сынаққа қосты. Үшеуі де 3 кезеңнен тұратын сынақта сайысты. Төтенше жағдайлар мен оқыс оқиғалар кезінде үйінділер арасынан зардап шеккендерді іздеп тауып, ептілік пен шеберліктерін сынға салған сынақ Шымкенттегі шифер зауытының қараусыз(заброшенный) аумағында өтті. Сондай ақ Бадам өзенінде табиғат аясында іздестіру жұмыстарына деген дайындық деңгейі сарапқа салынды. Жедел-құтқару жасағының барлық қызметтік иттері тапсырмаларды сәтті орындап, өз шеберліктерін және алған кәсіби дағдыларын көрсетті.

"Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитетінің нұсқауына сәйкес биылғы жылы сертификаттық сынақтар жаңа форматта өткізілді. Әрбір жедел-құтқару жасағы өз бетімен, өз облысының аумағында кинологиялық есеп иттерін сынақтан өткізеді. Негізгі мақсат - бұл кинологиялық есептерді төтенше жағдай аймағындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына жіберу және олардың дайындық деңгейін анықтау, олар алдағы уақытта төтенше жағдай аймақтарынан адамдарды нақты жағдайларда құтқару операцияларына қатыса алады,"- деп мәлімдеді Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.