Шымкентте кинотеатрларға жұмыс істеуге рұқсат етілді

0
824

​Шымкентте карантин 21 желтоқсанға дейін ұзартылды.


Шымкентте кинотеатрларға жұмыс істеуге рұқсат етілді

Шымкентте карантин 21 желтоқсанға дейін ұзартылды. Бұл туралы қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысында айтылады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

- Шымкент қаласының аумағындағы карантин мен шектеу шаралары 2020 жылғы 07 желтоқсан сағат 00.00-ден 2020 жылғы 21 желтоқсан сағат 00.00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын, - делінген қаулыда.

Жаңа қаулыға сәйкес кинотеатрлар дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді. Жексенбі және мереке күндері олардың қызметі тоқтатылады.

Әлі күнге дейін корпоративтер, банкеттер, жаппай туған күндер өткізуге тыйым салынған. Жексенбі және мереке күндері ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жабық күйінде қалады.