Шымкентте қоғамдық көлікте "өзін қанағаттандырған" күдікті ұсталды

0
474

Күдікті 1989 жылы туған қала тұрғыны екені анықталды.


Шымкентте қоғамдық көлікте

Шымкентте қоғамдық көлікте кәмелетке толмаған қыздың көзінше мастурбация жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, күдікті 1989 жылы туған қала тұрғыны екені анықталған.

"Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қоғамдық автобустарда өзін қанағаттандырған күдіктіні ұстады. Ол 1989 жылы туған қала тұрғыны болып шықты. Полиция ер адам жасаған ұқсас екі қылмыс жайтын тіркеді. Екі жағдайда да оның әдепсіз әрекеттеріне кәмелетке толмаған қыздар куә болған", - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі таңда ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторында.

Еске сала кетейік, 16 сәуір күні таңғы сағат 10-дар шамасында қалалық №72 автобуста ер адам 12 жасар қыздың көзінше мастурбация жасаған. Содан-соң ер адам өзін видеоға түсіріп жатқанын байқап, "Қырғы базар" аялдамасынан түсіп қалған.