Шымкентте қоғамдық көліктер қашан жүретіні белгілі болды

0
1 736

Қоғамдық көліктер таңғы сағат 7:00- мен 21:00 аралығында жүретін болады.


Шымкентте қоғамдық көліктер қашан жүретіні белгілі болды

Шымкент қаласында 12 мамырдан бастап қоғамдық көліктер жүреді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр баспасөз брифингінде мәлімдеді.

"Елімізде Төтенше жағдай режимі аяқталғанмен, карантин режимі сақталады. Шымкент қаласында да карантин режимі қатаң сақталуы шарт. Шымкент қалалық Бас Санитарының қаулысы бойынша карантин 25 мамырға дейін жалғасады. Дегенмен, ертеңнен бастап, қала ішінде қоғамдық көліктер жүре бастайды. Таңғы сағат 7:00-мен 21:00 аралығында жүреді. Дегенмен, санитарлық тазалық жұмыстары қатаң бақылауға алынады.", - дейді Ербол Садыр.