Шымкентте қой бағып жүрген жасөспірімді атып кетті

0
6 294

Қымбат көлікпен келген жер қожайыны балаға бірнеше рет оқ атқан.


Шымкентте қой бағып жүрген жасөспірімді атып кетті

ERNUR.KZ. Шымкентте қой бағып жүрген жасөспірімді белгісіз азамат мылтықпен атып кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Оқиға 16-шы шілде күні кешкісін сағат 20:00 шамасында «Достық» шағынауданында болған.

Жасөспірім достарымен бірге қой бағып жүрген. Осы кезде жердің қожайыны жерді босат деп балаға ескерту жасап кеткен. Бірақ ешнарседен қауіптенбеген жеткіншек малын бағып жүре берген.

Арада аз уақыт өткен соң қымбат көлікпен келген жер қожайыны балаға бірнеше рет оқ атқан. Зардап шеккен жасөспірім: «Оқ атқан үлкен кісі. Мал жайып жүрген едім, малды бұл жерден шығар деді, шығармадым. Мылтықпен келіп атып кетті», - дейді.

Дәрігерлер зардап шеккен балаға дер кезінде медициналық көмек көрсетіп, өмірін аман алып қалды. Мамандардың сөзінше, баланың бірнеше жеріне оқ тиген. Оқыс жағдайға байланысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.