Шымкентте көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды

0
3 115

Шымкенттен 700-ге жуық ер-азаматтарды шақыру жоспарланып отыр.


Шымкентте көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды

Шымкентте көктемгі әскерге шақыру науқанына бағытталған іс- шаралар қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бірінші наурыздан бастап 18 жасқа толған азаматтар тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарында медициналық комиссиядан, және тестілеулерден өтіп жатыр. Ағымдағы жылдың көктемінде ел бойынша 13 500-ден аса жігіт көктемгі әскери құралымдар қатарын толықтырған. Осы жылдың көктемінде Шымкенттен 700-ге жуық ер-азаматтарды шақыру жоспарланып отыр.

Алғашқы 13 азамат 6 наурызда конституциялық міндетін орындау үшін аттанады. Қазір олар шақыру комиссиясының отырысынан өтуде. Онда шақыру комиссиясының төрағасы мен медициналық комиссия төрағасының қатысуымен кандидатты қайта тексеру жүргізіледі.

Пандемия жағдайына байланысты биыл әскерге шақырудың жаңа тәсілі қолданылады. 1414 қызметі пилоттық режимде SMS-хабарлама жібереді. Әскер құрамына шақырту алғандар екі рет ПТР-тест тапсырады.

Әскерге шақырылушылар мен лауазымды тұлғалар арасында коронавирустық инфекцияның таралмауы үшін жинақ пункттерде медициналық бекеттер орналастырылды. Облыстық медициналық комиссиялардың құрамына инфекционист дәрігерлер енгізілді.

Ал бөлімге келгеннен кейін жастар екі апталық карантинге оқшауланады. Карантин кезінде медициналық тексеру және әлеуметтік-психологиялық зерттеу жүргізіледі.