Шымкентте жаңа қоқыс жәшігіне 8,6 миллион теңге бөлінген

0
2 777

Бұл қоқыс жәшіктерінің бұрынғыларына қарағанда ерекшелігі бар.


Шымкентте жаңа қоқыс жәшігіне 8,6 миллион теңге бөлінген

Шымкент қаласындағы көшелер мен саябақтарда қоқыс жәшіктерін орнату бағдарламасы аясында өткен жылы 800 қоқыс жәшігі орнатылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған қоқыс жәшіктері Шымкент қаласындағы басты 17 даңғыл мен аудан ішіндегі көшелерде, саябақтарда, аялдамаларда, білім беру мекемелерінде, медициналық мекемелерде, алаңдарда, сауда орталықтарының алдында және басқа да қоғамдық жерлерде орнатылған. Ол үшін қазынадан – 8,6 млн. теңге бөлінген. Бұл туралы қалалық энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы мәлімдеді.

Басқарманың айтуынша, екі қоқыс жәшігінің арасы ережеге сай 50 метрден алшақ болмауы керек екен. Сондай-ақ, адамдар көп жүретін жерлерде екі қоқыс жәшігінен орнатылған. Сондай-ақ, бұл қоқыс жәшіктерінің көлемі мен биіктігі бұрынғыларына қарағанда үлкенірек және қар немесе жаңбыр жауғанда қалқан болатын қалпақшасы да бар.

Айта кетейік, 2019 жылы тағы 500 қоқыс жәшігін орнату жоспарланып отыр.

дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің ресми парақшасы