Шымкентте көлік жүргізушісі полицейді үш шақырымға сүйреп кеткен (видео)

0
855

Қызметкер ешқандай дене жарақатын алған жоқ.​


Шымкентте көлік жүргізушісі полицейді үш шақырымға сүйреп кеткен (видео)

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында мас күйінде көлік жүргізген азамат полици қызметкерін қағып кетті,-деп жазады Polisia.kz.

Т.Рыскулов көшесі бойында «Mitsubishi Galant» автокөлігін тізгіндеушісі мас күйде көлікке отырып,«Audi-80» маркалы көлікпен жол-көлік апатына ұшырады.

Полиция қызметкері оқиға орнында «Mitsubishi Galant» автокөлік жүргізушісінен құжаттарын көрсетуді өтінген. Бірақ тізгінші құжаттарын көрсетуден бас тартып , оқиға орнынан ізін суытпақ болған.

Көліктің жүруін бөгеген полицейді қағып, оны 3 шақырым метр жерге дейін ысырып тастады.

Құқық бұзушы полицейлерден қашып құтыла алмады.Ол сол мезетте ұсталып , оны патрульдік полиция полкінің 7-ротасының қызметкерлері бірден медициналық куәландыруға жеткізді.


31 жастағы құқық бұзушыға қатысты 380-бап 2-бөлімі (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сондай-ақ қылмыстық кодекстің 610-бап 1-бөлімі (көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Ұсталған азамат Шымкент қаласының полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік айып тұрағына қойылды.

Қызметкер ешқандай дене жарақатын алған жоқ.