Шымкентте коммуналдық тарифтер бағасы тұрақты

0
779

Су және кәріздің бағасы - 1 м3 үшін 137 теңгеден 135,5 теңге дейін арзандады.


Шымкентте коммуналдық тарифтер бағасы тұрақты

Шымкент қаласында коммуналдық тарифтер деңгейі тұрақты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2022 жылы Департамент тарапынан атқарылған жұмыстар нәтижесінде газды тасымалдау тарифтері 9028 теңгеден 5173,85 теңгеге дейін төмендетіліп, нәтижесінде:
Табиғи газдың бағасы - 34,47 теңгеден 32,64 теңгеге дейін;
Жылудың бағасы - 1 шаршы метрге 142,3 теңгеден 108 теңгеге дейін;
Су және кәріздің бағасы - 1 м3 үшін 137 теңгеден 135,5 теңге дейін арзандады.
Департаментпен тек газды тасымалдау қызметі реттеледі, 2018 жылдаң бері атқарылған жұмыс арқасында тасымалдау тарифтері 9028 теңгеден 5173,85 теңгеге дейін төмендетілді. Осының арқасында, соңғы тарифтерде төмендетілді.
Ал, 2018 жылы жылудың бағасы 1 шаршы метрге 142,3 теңге болған, атқарылған жұмыстың арқасында қазіргі таңда жылудың бағасы 108 теңгеге дейін төмендетілді (-24%);
2018 жылы су мен кәріздің бағасы 1 м3 - 137 теңге болған, атқарылған жұмыстың арқасында қазіргі таңда бағасы 135,5 теңге. 2024 жылы 122 теңгеге дейін қосымша төмендетіледі (11%);
Электр энергиясы Түркістан облысы бойынша Департаментпен реттеледі.
Президентің тапсырмасына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап коммуналдық тарифтер халық үшін өсуге жол берілген жоқ, яғни желтоқсан айындағы деңгейде қалдырылды.
Айта кетейік, Шымкенте ауа-райы жылы болғандықтан және жүргізілген жұмыс нәтижесінде халыққа қаражатты қайтару сомасы 27,7 млн. теңгені құрады.
Жылыту маусымында есеп құралдары жоқ тұтынушыларға 1 шаршы метрге – 10,9 теңге қайтарылады. Мысалы, ауданы 60 шаршы метр болатын пәтерге жылыту бойынша қайта есептеу (қаражатты қайтару) 654 теңгені (60 шаршы м*10,9) құрайды.
Сонымен қоса, департамент «Қуатжылуорталық-3» МКК-мен бірлесіп 2021-2022 жылдар жылыту маусымының қорытындысы бойынша орталықтандырылған жылумен жабдықтау қызметтерін пайдаланатын және жылуды есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сыртқы ауаның нақты температурасын есепке ала отырып (есеп бойынша – 1,99 градус қаралған, нақты 4,6 градус құрады), жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу бойынша жұмыс жүргізді.