Шымкентте қонақ үйлердің бірінен арыстанның күшігі табылды

0
2 473

Арыстанның күшігі "JadiAs" қонақүйінде қамауда болған.


Шымкентте қонақ үйлердің бірінен арыстанның күшігі табылды

Әлеуметтік желілерде қонақ үйдегі арыстанның кішкентай күшігі туралы видео тарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Видеода арыстанның Шымкент қаласы Қағанат көшесі, 30 мекенжайында орналасқан JadiAs қонақүйінде қамауда отырғаны айтылған.

Осыған байланысты Шымкент қалалық полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

- Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полицейлер арыстанды іздеу жұмысын жалғастыруда, - деді полиция қызметкерлері.