Шымкентте «Көне Құмыраның сыры» атты анимациялық фильмнің тұсаукесері өтті

0
1 796

Бұл анимациялық фильм еліміздің ұлттық құндылықтарын паш етіп, келер ұрпақтың санасына елжандылық пен отансүйгіштікті сіңіруге бағытталған.


Шымкентте «Көне Құмыраның сыры» атты анимациялық фильмнің тұсаукесері өтті

Шымкент қалалық әкімдігінің тапсырысымен жасалған «Көне Құмыраның сыры» атты аниациялық фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл анимациялық фильм еліміздің ұлттық құндылықтарын паш етіп, келер ұрпақтың санасына ұлтжандылық пен отансүйгіштікті сіңіруге бағытталған.

Биылғы жылы Әл Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдығына орай аталған фильм барысында Әл Фараби, Абай сынды Ұлы тұлғаларымыз дәріптеліп, Мемлекеттік Рәміздеріміз насихатталған.

Оқиға желісі бойынша Аружан мен Әжіран есімді оқушы қыздар мектепте Қазақтың тарихына қатысты шығарма жазу жөнінде тапсырма алады.

Олар қажет мәліметтерді алуға мұражайға келеді. Мұражайдағы тұрған Көне Құмыраға кездеседі.

Содан Көне Құмыра білімпаз қыздардың өтінішімен оларды ерте заманға апарып, сол кездің өмірін көрсетеді.

Олар көне кезеңде жүріп, көптеген шым-шытырық оқиғаларға кезігеді. Қыздар көне Отырарда Ұлы ұстаз Әл-Фарабимен жолығып, сұхбаттасады. Киелі Қазығұрт тауының басында Елтаңбамызда бейнеленген қанатты Пырақпен де кездеседі.

Көне заманға саяхаттап қайтқан Аружан мен Әжіран қазақ тарихы жөнінде шығармаларын жазып, бестік баға алады.

Сценариін жазған және режиссері - Батырхан Дәуренбеков, продюсері - Нуриддин Паттеев, копозитор - Руслан Шынықұлов, ал қоюшы суретші - Самат Нұралиев.