Шымкентте көп жылдық гүлдер мен ағаш көшеттер отырғызылды

0
1 377

«Build Stroi» ЖШС жасыл желектерге егілген көшеттерді күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруда.


Шымкентте көп жылдық гүлдер мен ағаш көшеттер отырғызылды

Шымкент қаласының аудан аумақтарында көп жылдық ағаш көшеттері және гүлдерді егу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Абай ауданы аумағында бүгінде негізгі орталық көшелердің бойына көп жылдық гүлдер мен ағаш көшеттер отырғызылды.

Атап айтқанда, Момышұлы-Республика даңғылына – 8000 дана (сальвия, шафран, катаранс), Республика көшесіне – 2000 дана (шафран), әуежай аумағына – 4270 дана (циния, шафран, бананзе), Темірлан тас жолы (Бекжан, Агромад, Закир дүкендері) – 20 000 дана (циния, шафран, сальвия, газани, бананзе) және Бейбітшілік көшесіне – 1200 дана (шафран) гүл көшеттері отырғызылды.
Сонымен қатар, «Build Stroi» ЖШС жасыл желектерге егілген көшеттерді күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруда. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімі аппаратының тікелей бақылауында.
Сонымен қоса, Әл-Фараби ауданының басты көшелерінің бойында 17 420 дана ағаш түптері əктеліп, жоспарланған 18 525 дана роза гүл, 6 370 дана жай жапырақты ағаш (клен, тұт, емен, акация, қара ағаш, ясень) көшеттері және 427 дана қылқан жапырақты ағаш көшеттері (Қырым қарағайы, кәдімгі қарағай) отырғызылды. Сондай-ақ, 24 дана түрлі ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Түркістан көшесі мен Ордабасы алаңына 815 шаршы метр газон егу жұмыстары атқарылды.

Аудан аумағында 183 882 дана көпжылдық гүл егу жоспарланған. Бүгінде жаз маусымына орай 166 695 дана жаздық гүл (цинния, шафран, бонанза, вербинья, гвоздика, петунья, сальвия, шабо, петушок) егу жұмыстары атқарылуда. Аталған жұмыстар мамыр айының соңында аяқталады.