Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

0
769

Шымкенттегі Айбергенов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйде электр желілері мен есептегіш құралдары салынған қораптан (электрощит) өрт шыққан


Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Тілсіз жау тұтанған үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Яғни, қауіпсіз жерге көшірілген 12 адамның 7-еуі балалар. Өрт оқиғасы бүгін таңертең орын алған. Алдын ала болжам бойынша көпқабатты тұрғын үйде өрт электр желісіндегі қысқа тұйықталудан тұтанған көрінеді.

"Таңғы 06.35-те Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік пультіне Айбергенов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйде электр желілері мен есептегіш құралдары салынған қораптан (электрощит) өрт шыққаны туралы хабарлама кеп түсті. Қызыл жалын екі шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндіру қызметі тілсіз жауды 19 минутта ауыздықтап, тағы бірер минутта толық өшірді," - деп мәлімдеді Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 20 адам жұмыс істеген.