Шымкентте коронавирус инфекциясы таралған қосымша 3 ошақ тіркелді

0
920

Қазіргі таңда, Шымкент қаласында жалпы коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 27-ге жеткен.


Шымкентте коронавирус инфекциясы таралған қосымша 3 ошақ тіркелді

Шымкент қаласы бойынша коронавирус инфекциясы таралған қосымша 3 ошақ тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Олар: «Солтүстік-Батыс» шағын ауданындағы Үшқиян көшесі, «Қайтпас-1» шағын ауданындағы Алтай көшесі және Сайрам тұрғын алабындағы Әл-Фараби көшесі.

Шымкент қаласында 8 сәуірде – 3, 9 сәуірде – 4 жағдай тіркелді.

Бұл науқастардың барлығы вирус анықталған 48 жасар азаматша мен 26 жасар азаматпен тығыз байланыста болғандар.

Аталған науқастар стационарлық карантинде медициналық қызметкерлердің бақылауында болған. Инфекцияны анықтау бойынша жүргізілген зертханалық тексеруден COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсетті. Науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, барлығына бекітілген хаттамаларға сәйкес қажетті ем жүргізілуде.
Ауруға шалдыққандар арасында: 2 және 14 жастағы 2 бала мен 23-55 жас аралығындағы 5 адам бар. Осы азаматтармен байланыста болған 81 адам оқшауланып, медициналық бақылауға алынды.
Ошақтарда науқастардың тұрғылықты жері бойынша дезинфекция жүргізіліп, карантинге жабылды.
Қазіргі таңда, Шымкент қаласында жалпы коронавирус инфекциясына шалдыққан 27 жағдай тіркелген.