Шымкентте коронавирус жұқтырған 4 науқас жазылып шықты

0
540

Коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан науқастардың үшеуі бір отбасының мүшелері.


Шымкентте коронавирус жұқтырған 4 науқас жазылып шықты

Шымкент қаласында коронавирустан тағы 4 науқас сауығып, ауруханадан шықты, деп хабарлайдыERNUR.KZ.

Коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан науқастардың үшеуі бір отбасының мүшелері. Дертінен айығып шыққандар- 1972 жылғы және 1996 жылғы азаматша. Сондай-ақ бұл отбасынан қауіпті індетке шалдыққан екі айлық нәресте инфекциядан жазылып шықты.
Дәрігерлер үздіксіз жасаған емнің нәтижесінде Түркістан облысынан 6-сәуір күні ауыр халде 1972 жылғы азамат қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған еді. Бір аптаға жуық жансақтау бөлімінде жатқан науқастың өмірі үшін дәрігерлер күресіп, оң нәтижеге қол жеткізді. Денсаулық жағдайы жақсарған азамат 20-сәуір күні үйіне шығарылды.
Бүгінде Шымкент қаласы бойынша 16 азамат коронавирустан жазылып,үйіне шығарылған.