Шымкентте коронавирус жұқтырғандар 2 пайызға артты

0
726

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық.


Шымкентте коронавирус жұқтырғандар 2 пайызға артты

Шымкентте 5 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Вирус жұқтырғандар 1982, 1961, 2001, 1991, 1986 жылғы азамаматтар. Олар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
15.05.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 255 адам анықталды.