Шымкентте коронавирустан 13 адам жазылып шықты

0
2 406

Өткен тәулікте 20 адамнан covid-19 анықталды.


Шымкентте коронавирустан 13 адам жазылып шықты

Өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 20 жағдай тіркелген болса, 13 науқас емделіп шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жалпы, қала бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 5975-ге жетті.

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 35 адам ем қабылдап жатыр. Сондай-ақ, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 1 адам дертке шалдыққан. Жалпы жыл басынан бері 1427 адамға пневмония диагнозы қойылған, 5432 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы «жасыл» аймақта тұр. Десе де бұл індеттің қаупі сейілген жоқ. Осы мақсатта медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға, бетперде тағуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтап, адамдар көп жүретін қоғамдық жерлерге бармауға шақырады.