Шымкентте коронавирустан 38 адам емделіп жатыр

0
2 376

Өткен тәулікте 11 адам коронавирустан емделіп шықты.


Шымкентте коронавирустан 38 адам емделіп жатыр

Өткен тәулікте Шымкентте коронавирус инфекциясы бойынша 9 жағдай тіркелген. Қазіргі уақытта коронавирустан 38 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2021 жылдан бері коронавирус жұқтырғандар саны 472 адамға жетті. Оның 149-ы ауруынан айыққан.

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бері 126 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған болса, оның 101-і жазылған.

Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласы «жасыл» аймақта тұр. Бұл ретте медицина мамандары карантин режиміне сәйкес санитариялық-эпедемиологиялық талаптарды қатаң түрде сақтау қажеттігін ескертеді.