Шымкентте коронавирустың алдын алу шаралары күшейтілді: ХҚКО-дағы тәртіп

0
1 200

Шымкенттегі медицина мамандары төтенше жағдайға байланысты күшейтілген режимде жұмыс жасауда.


Шымкентте коронавирустың алдын алу шаралары күшейтілді: ХҚКО-дағы тәртіп

Шымкент қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығында коронавирусқа қарсы сақтық шаралары күшейтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты коронвирус инфекциясының Шымкент қаласында таралмауы үшін алдын алу шаралары жасалынуда.

ХҚКО қала тұрғындарының жиі барып, қызметке жүгінетін орталықтардың бірі. Алайда, қазір бұл ғимаратқа кірушілерге талап қойылды. Яғни, ХҚКО-на кірушілердің барлығында медициналық бетперденің болуы міндеттелген. Ондағы медицина мамандары бұл процесті бақылап, әрбір қала тұрғындарына бақылау жүргізуде.

  • "ХҚКО орталығында 1 аптадан бері жұмыс жасап жатырымыз. Ондағы мақсатымыз, келушілердің температурасын, жалпы жағдайын тексеріп, оларға коронавирус туралы мәлімет беріп, сақтық шараларын да түсіндіріп жатырмыз. Қазір келушілер саны азайған. Топ болып кіргізілмейді. Қазірге дейін ешқандай коронавирус белгілері бар азаматтар кездескен жоқ", - дейді Шымкент қалалық №2 ауруханасының аймақтық дәрігері Жанар Шохаева.