Шымкентте күйік шалған балалар көбейді

0
2 920

Күйік шалған балалардың басым бөлігі – ата-анасының қарауынсыз қалған ойын балалары.


Шымкентте күйік шалған балалар көбейді

Шымкентте балалар арасында түрлі жағдайда күйік шалу көбейген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Күйік шалған балалардың басым бөлігі – ата-анасының қарауынсыз қалған ойын балалары. Дәрігерлер, балалардың көп жағдайда сорпаға, ыстық суға күю фактісі көбейгенін айтады.

- Ауруханаға күйік шалып түсетін балалар көбейді. Олардың басым бөлігі ауыр жағдайда түскен науқастар. Көп жағдайда ата-аналары қайнаған сүт пен ыстық сорпаны жерге қойып кетіп, салдарынан балалар ыстыққа күйіп қалып жатады. Ата-аналарға айтарымыз, балаларды қараусыз қалдырмасаңыздар. Қайнаған судан абай болыңыздар, - дейді жарақат бөлімінің меңгерушісі Болат Нұсқабаев.

Биылғы наурыз айында қалалық клиникалық балалар ауруханасында күйік бөлімшесі ашылды. Осы уақыт аралығында балалар ауруханасына термиялық күйікпен 560 бала ауруханаға жеткізілген. Олардың ішінде ауыр жарақат алып, күрделі ота жасалғандар да жетерлік. Абырой болғанда ыстыққа күйген балалар арасында өлім жағдайы тіркелген жоқ.