Шымкентте күніне кемі 10 мың адам вакцина салдыруы тиіс

0
491

Өткен тәулікте шаһарда КВИ-дің 114 жағдайы тіркелді.


Шымкентте күніне кемі 10 мың  адам вакцина салдыруы тиіс

Шымкент қаласында өткен тәулікте ковид инфекциясына қарсы 2756 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл өте төмен көрсеткіш. Ковид-19 бойынша өткен штаб отырысында, қаламызда күніне кемі 10 000 адам вакциналаудан өтіп отыруы керек делінген-ді. Ал егу науқаны басталғалы барлығы 63097 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 6795 адам вакцинаның екі компонентін алған.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда. 18 сәуір күні 411 нысанға (403 кәсіпкерлік, 8 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 7 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар, өткен тәулікте КВИ-дің 114 жағдайы тіркелді (белгілері бар - 69, белгілері жоқ - 45). 38 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 76 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1010 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, Атамекен клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын), төсек-орын толымдығы – 45%, 551 төсек-орын бос. Инфекциялық стационарда 459 науқас емделуде (КВИ-284, пневмония-163, ЖРВИ-12).