Шымкентте күніне үш жарым мың ПТР тестін жасауға мүмкіндік бар

0
492

Қалада 1 060 төсек-орын бар. Оның 560-ы жұқпалы ауруларға, 500-і карантиндік ауруларға арналған.


Шымкентте күніне үш жарым мың ПТР тестін жасауға мүмкіндік бар

Шымкентте 9 ПТР зертханасы ашылған. Онда күніне 3500-ге жуық тест жасауға болады. Осы күнге дейін 116 591 ПТР тесті өткізілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалада 1 060 төсек-орын бар. Оның 560-ы жұқпалы ауруларға, 500-і карантиндік ауруларға арналған. Бүгінде жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 156 науқас ем алуда.

Естеріңізге салайық, Шымкентте24 наурыздан 29 қазанға дейін коронавирус инфекциясының 5 231 жағдайы тіркелген. Оның 2662-сі симптомды болса, 2569-ы –симптомсыз. Олардың ішінде 5 152 науқас емделіп шықты.

- Ал осы жылдың 1 тамызы мен 29 қазан аралығында COVID-19 белгілері менпневмонияның 985 жағдайы тіркелген, - деді Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов.

Бөлісу