Шымкентте «Құрмет биігінде құтқарушылар» атты конкурс өтті

0
1 557

Конкурсқа Төтенше жағдайлар департаментінің шығармашыл қызметкерлері қатысты.


Шымкентте «Құрмет биігінде құтқарушылар» атты конкурс өтті

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде «Құрмет биігінде құтқарушылар» тақырыбында қалалық поэзиялық конкурсы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстандықтардыңруханиқұндылығынжаңғыртуғабағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде және «Құтқарушылар күні» азаматтық қорғау органдарының кәсіби мерекесін атап өту қарсаңында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде «Құрмет биігінде құтқарушылар» тақырыбында қалалық поэзиялық конкурсы өткізілді.


Аталған конкурс барысында қатысушылар ережеге сәйкес көлемі 3 парақтан аспайтын өз шығармаларын оқып, өрт сөндіруші-құтқарушылардың ерлігі мен қайсарлығын, олардың қызметінің ерекшеліктерін дәріптеді. Тиісінше, ұсынылған шығармалардың барлығы қазылар алқасының көңілінен шығып, жоғары бағаға ие болды.


Сондай-ақ, байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені кезекші-диспетчерлік қызметінің жедел кезекшісіазаматтық қорғау аға лейтенанты Нұржан Есалиев иеленсе, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға жүргізушісі Жарқынбек Лесбек 1-орынды, жедел-құтқару жасағы бастығының орынбасары Рауан Дүйсенбеков 2-орынды және №2 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі М.Сапарбай және мамандандырылған жасақтың аға өрт сөндірушісі азаматтық қорғау сержанты А.Ксентаев3-орынды қанжығасына байлады.


Айта кетейік, бұл конкурс құтқарушымамандығыныңерлігімен қаһармандығын көрсету, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардыңеңбегі мен шығармашылығынпоэзиялық сөзбен жеткізу, жаңа есімдерді шығару, олардың шығармашылығын қолдау,азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің имиджін көтеру мақсатында ұйымдастырылған.