​Шымкентте күзгі жиын-терім толығымен аяқталды

0
939

Жиын-терім науқанында 94 мың 320 тонна өнім жиналды


​Шымкентте күзгі жиын-терім толығымен аяқталды

Шымкент қаласында биылғы күзгі жиын-терім науқанында 94 мың 320 тонна өнім жиналды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Талғат Мекамбаев мәлімдеді.

Күзгі дала жұмыстарын толығымен мерзімінде аяқтау үшін 725 доңғалақты трактор (жалпы 780 дана трактор, қалған 55 трактор жөндеуде) және 35 комбайн жұмыс атқарды. Нәтижесінде 30,0 мың гектар егістік алқабынан бүгінгі таңда 94 мың 320 тонна өнім жиналды. Олар дәнді дақылдар - 20,1 мың тонна, майлы дақылдар - 3,2 мың тонна, картоп - 4,4 мың тонна, көкөніс және бақша - 48,3 мың тонна, мал азықтық дақылдар - 18,3 мың тонна. Күзгі егін жинау жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп, толығымен аяқталды, - деді Т.Мекамбаев.

Спикердің сөзінше, осы жылы 30,0 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,7 мың гектарға артты (2021 жылы 29,8 мың га.).

Күзгі дала мен жиын терім жұмыстарын жүргізуге 1 000 тонна дизель отыны бөлініп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің өтінімдеріне сәйкес берілді.

Сонымен қатар тыңайтқыштар құнын субсидиялауға 122,1 млн теңге бөлініп, бүгінгі күні 91,04 млн теңгеге 752,4 тонна тыңайтқыш субсидияланды.

Қала аумағында қосымша өнеркәсіптік үлгідегі 10,0 гектар жылыжай жаңадан іске қосылды.

Айта кетейік, соңғы 8 айда Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы саласы бойынша экспортталған өнім көлемі 122,1 млн АҚШ долларын құрады. Былтырғы табыс 110,7 миллион болса, биыл 11,4 миллион АҚШ долларына артты. Қайта өңделген өнім эспорты - 108,5 млн АҚШ долларын немесе жалпы экспорттың 88,9% құрайды. Өнімнің 40% Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне, 60% өзге шет мемлекеттерге экспортталған. Ұн -111,4 мың теңге, өсімдік майы - 33,2 мың теңге, кебек- 39,0 мың теңге, макарон – 2,3 мың теңге, қауын, қарбыз- 1,7 мың теңге, пияз - 422,9 теңге, қырыққабат - 170,0 теңге, қызанақ - 96,0 теңге, шұжық - 37,0 теңге, ет-260 теңге, жүн - 753 тоннаны құрады.