Шымкентте қылмыскерден пышақ жарақатын алған полицейді марапаттады

0
959

Оқиға 2018 жылдың 17 қазанында тапа-тал түсте қала орталығындағы автотұрақта болған.


Шымкентте қылмыскерден пышақ жарақатын алған полицейді марапаттады

Шымкент қаласында бірнеше жерінен пышақтап тастаса да қылмыскерді қолынан шығармай құрықтаған тәртіп сақшысы мемлекеттік марапатқа ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Нұржан Омаровқа ІІ-дәрежелі мемлекеттік наградасы «Айбын» ордені берілді. Бұл марапатты мерекеге орай Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ералы Жумаханбетов табыстады.

Айта кетейік, өткен жылдың 17 қазаны күні Шымкентте тапа тал түсте супермаркеттің автотұрағында екі жігіт көліктерді тонамақ болған. Екеудің сезікті әректтерін бірден байқаған полицейлер олардан құжаттарын талап еткен. Қаша жөнелген екеудің соңынан түскен полицейлердің бірін жарақттаған. 38 жастағы учаскелік инспектор Нұржан Омаровтың кеуде тұсынан бірнеше рет пышақ сұғып алған. Алған дене жарақаттарына қарамастан тәртіп сақшылары қылмыскерлерді құрықтаған.