Шымкентте "Қыс – 2021” оқу жаттығуы өтті

0
371

Оқу-жаттығу жұмыстарына ТЖД және ҚТЖ тарапынан 70 адам қатысты


Шымкентте

Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында "Қыс – 2021 "Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сценрийға сәйкес, өрт сөндіру қызметі рельстің сынуы салдарынан цистерналарда шыққан өртті уақытылы ауыздықтауы қажет. Аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы мен «Қазақстан Темір жолының» өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі дер кезінде көмек көрсетті.

Жылда тұрақты түрде өтетін Республикалық оқу-жаттығу жұмыстарына Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Мұсабаев қатысып, авариялық-құтқару қызметінің жұмысы мен апатты жағдай кезінде қажетті құралдардың тиісінше жұмыс істеуін тексерді. Өрт 12.05 минутта ауыздықталып, 12.25 минутта толық сөндірілді.
Аталған оқу-жаттығу жұмыстарына аудандық ТЖД және ҚТЖ тарапынан 70 адам, жолаушыларды эвакуациялауға арналған 7 бірлік техника және 4 арнайы техника, 1 өрт пойызы және кран қондырғылары бар 2 бірлік техника жұмылдырылды.