Шымкентте қыздарынан таяқ жеген әже балаларынан алимент алатын болды

0
2 461

Балалар анасын құшақтап, сүйіп, қателігін мойындады. Өкініп, кешірім сұрады.


Шымкентте қыздарынан таяқ жеген  әже балаларынан алимент алатын болды

Шымкентте қыздары мен күйеу балаларынан таяқ жеген әже балаларынан алимент алатын болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әженің тағдыры туралы құқыққорғаушы Еркін Кахаров мәлімдеді. Төтенше жағдайды ол бірінші білген және әженің құқығын қорғауға қолдау көрсеткен. Сонымен қатар, заңгер Шымкент қаласының Абай аудандық сотына зейнеткер атынан балаларынан алимент өндіріп алу туралы талап-арыз берген.

- Сот процеске қатысушылардың бәрін медиация бөлмесіне шақырып, татуластыру жолдарын қарастырды. Бір қарағанда келісімге келмейтіндей көрінді. Бірақ нәтижесінде балалар анасын құшақтап, сүйіп, қателігін мойындады. Өкініп, кешірім сұрады. Мен көптеген медиацияға қатыстым, бірақ бұдан жақсы нәтижені көрген емеспін, - деді Еркін Қахаров.

Заңгер олар татуласса да, зейнеткерге алимент төлеу туралы арыз қаралатынын атап өтті. Айта кетейік, Алтынкүл апа туралы оқиға әлеуметтік желілерде зейнеткерге қарсы зорлық-зомбылық көрсетілгені туралы видео тарағанда мәлім болған еді. Әже өзін туған қызы мен күйеу баласы ұрып-соқанын мәлімдеді.

Қарт әйел денесіндегі жарақаттарды көрсетіп, болған жайттың жай-жапсарын айтты. Оның айтуынша, жанжал күйеу баласымен бірге тұрған үйге байланысты туындаған. Бірнеше жыл бұрын ол бұл үйді қызының атына жазып берген. Бірақ, біраз уақыттан кейін қызы қайтыс болып, күйеу баласы зейнеткерді үйден қуған. Әженің екі қызы да үйді бөлісуді қалаған. Сол себепті сот процесі бірнеше жылға созылды. Ал әже әлі күнге сол үйде тұрып жатыр.