Шымкентте қызылшаға қарсы қосымша екпе егу бағдарламасы басталады

0
1 841

Қызылшаға қарсы қосымша екпе егу бағдарламасы аясында Шымкенттегі медицина ұйымдары 113 400 дана вакцинамен қамтылған.


Шымкентте қызылшаға қарсы қосымша екпе егу бағдарламасы басталады

Шымкенттік тұрғындарға егілетін, Үндістанда өндірілген қызылшаға қарсы қосвалентті вакцина Қазақстан аумағында тіркеуден өтіп, сертификатталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері Шымкентте осы инфекциялық ауруды 1200-ден астам адам жұқтырған. Ал, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен бұл бағдарлама инфекция таралуының алдын алуға және оны жұқтырған науқастардың санын азайтуға бағытталып отыр.

Атап айтсақ, екпе науқаны 16 қыркүйекте басталады және вакцина 20-29 жас аралығындағы азаматтарға егіледі. Бірақ, вакциналық екпе медициналық кері көрсеткіштері бар тұлғаларға, жүкті және емізулі баласы бар әйелдерге салынбайды.

«Бұл вакцинаны екпелік мәртебесіне, оны бұрын алғанына қарамай қарамай 20-29 жас аралығындағы барлық азаматтар алады. Вакциналық екпеден оның таралым аймағында контактілік тұлғалар мен медициналық қызметкер деп анықталып, қызылшаға қарсы екпені 2018 жылғы желтоқсан айынан күні бүгінге дейін алған тұлғалар босатылады», - дейді Шымкент қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті, жұқпалы және паразитарлық ауруларға эпидемиологиялық қадағалау жүргізу бөлімінің басшысы Забира Есенғараева.