Шымкентте қызына қайыр сұратқан әке ұсталды

0
992

1957 жылғы азамат балақайды біресе «қызым», біресе «немерем» деп таныстырған.


Шымкентте қызына қайыр сұратқан әке ұсталды

ERNUR.KZ. Кәмелет жасына толмаған қызын қайыршылық жасауға үйретіп жүрген әке полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қазан күні шамамен сағат 13:00-де Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына «102» сымтетігі арқылы Шымкент қаласы «Абай» саябағында ер азаматтың кәмелетке толмаған жасөспіріммен бірге ақша сұрап жүргені туралы хабарлама келіп түскен.

Хабарлама бойынша оқиға орнына жеткен Шымкент қаласы Полиция департаментінің Абай АПБ №1 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары аталған азамат пен жасөспірімді анықтады. Ер азаматпен профилактикалық сұхбат жүргізілді. Қайыршылық жасаған азамат 1957 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты.

- Сұхбат барысында аталған азамат осыған дейін Жамбыл облысында қайыршылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған ескерту берілгені белгілі болды. Осыдан соң тәртіп сақшыларына Талдықорған қаласына қайту үшін ақша жетіспей жатқанын, зейнетақы алмайтынын айтып түсіндірген. Бір сөзінде балақайды немерем, енді бір сөзінде қызым деп таныстырған. Алайда қыздың туу туралы куәлігін тексеру барысында оның өз қызы екені анықталды. Аталған жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданады, - делінген хабарламада.