Шымкентте мал сою цехтарының және мал сату базарларының жұмысы тоқтатылады

0
1 673

Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 31 шілде мен 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келеді.


Шымкентте мал сою цехтарының және мал сату базарларының жұмысы тоқтатылады

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қала аумағында мал союды ұйымдастыруға, автокөліктерде және жеке үй иеліктерінде мал сатуға тыйым салынады. Сондай-ақ, мал сою цехтарының және мал сату базарларының жұмысы тоқтатылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 31 шілде мен 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келеді.

Азаматтардың құлшылық амалға деген ниетін орындау мақсатында онлайн құрбан шалу тәжірибесі іске асады.

Ол үшін азаматтар Qurban2020.kz сайтында құрбандық шалуға онлайн тапсырыс бере алады. Қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсететін жаңа сайттың көмегімен қала тұрғындары құрбандық малын таңдап, төлем жасауға мүмкіндігі бар.
Осы бағытта құрбандық шалу рәсімінің бекітілмеген орындарда жүзеге асырылмауын арнайы жергілікті тәртіп сақшылары мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары қадағалайтындығын ескертеміз.