Шымкентте мас жүргізуші учаскелік инспекторды көлігімен сүйреп, жаяу жүргіншінің аяғын басып кеткен

0
758

Күдікті Жамбыл облысының 54 жастағы тұрғыны болып шықты.


Шымкентте мас жүргізуші учаскелік инспекторды көлігімен сүйреп, жаяу жүргіншінің аяғын басып кеткен

Шымкентте жүргізуші учаскелік инспекторды капотында сүйреп, көлігімен жаяу жүргіншінің аяғын басып кетті, – деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл оқиға 2020 жылдың 30 наурызында кешкі сағат 18.30 шамасында тұрғын үйдің ауласында көрнекі белгілері бойынша мас күйінде болған ер адам аула сыпырушылардың жұмысына наразылық білдіріп, былапыт сөйлеп, балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан.

Оқиға орнына келген учаскелік инспектор Ерхан Абдураимов ер адамның құжаттарын көрсетуін талап етіп, Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының №25 тірек пунктіне бірге баруын сұрады. Алайда, ер адам полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, көлікке отырып, жасырынып кеткісі келді.

Оны тоқтату және автокөлікті басқаруға жол бермеу мақсатында полиция қызметкері капотына секіріп, 800 метрден астам жол жүргеннен соң, қайта түсті. Ары қарай жүргізуші бірнеше метр жүріп, жолдан өтіп жатқан үлкен жастағы жаяу жүргіншінің аяғын басып кеткен.

Патрульдік полиция қызметкерлері жедел іс-әрекет барысында жүргізушіні анықтап, ұстады. Ол Жамбыл облысының 54 жастағы тұрғыны болып шықты. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлігі айып тұрағына салынды.

Жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.