Шымкентте мазарат аумағы тазаланды

0
993

Мазарат маңындағы қураған шөп орылып, сынған ағаштар шығарылды.


Шымкентте мазарат аумағы тазаланды

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында мазарат аумағы тазаланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әл-Фараби ауданына қарасты Сауле шағын ауданында орналасқан мұсылман мазаратына тазалық жұмыстары жүргізілді. Мазарат маңындағы қураған шөп орылып, сынған ағаштар шығарылды. Сондай-ақ, аумақ қоқыстан толығымен тазартылып, қоршаулары ретке келтірілді.
Айта кетейік, мазараттардың күтіп-баптауына жауапты мекеме тұрақты түрде аптасына 2 рет тазалық жұмыстарын жүргізіп отырады.
Жалпы Әл-Фараби ауданына қарасты 5 мазарат -Сауле, Ақтас, Ақтас-2 шағын аудандарында, 275 орам және Текесу тұрғын алабында орналасқан.