Шымкентте медицина қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

0
1 621

9 қызметкер баспанаға ие болды.


Шымкентте медицина қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

Бүгін Шымкентте медицина қызметкерлерінің күні қарсаңында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов медицина қызметкерлеріне пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкенттегі Қазақстан xалқы Ассамблеясы ғимаратында медицина қызметкерлерінің күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды.
Медцина қызметкерлер күні мерекесіне арнайы келген қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, өткен мерекелік шарада 9 медицина қызметкерлеріне пәтер кілті берілді. Берілген баспананың екеуі қызметтік пәтер. Сондай-ақ қаладағы медицина саласында қызмет етіп жүрген 30-дан астам үздік ақ халатты жандарды ҚР Денсаулық сақтау министірлігінің Алғыс хатымен марапатталып, төсбелгілер табысталды.

Салтанатты жиында Балалар көркем сурет мектебі ЮНЕСКО Клубы оқушылары келген қонақтарға өз туындыларын паш етсе, медицина саласында жүрген бірқатар компаниялар өз өнімдерінің көрмесін ұйымдастырды.
Аталған шарада бірқатар медицина қызметкерлері "Nut otan" партиясының, Шымкент қалалық Мәслихатының алғыс хаттарымен марапатталды.