Шымкентте медицина қызметкерлерінің 80 пайызы вакцина салдыруға келісті

0
2 586

Мыңға жуық медицина қызметкері вакцинаның бірінші дозасын салдырған.


Шымкентте медицина қызметкерлерінің 80 пайызы вакцина салдыруға келісті

Шымкент қаласының медицина қызметкерлеріне вакцинаның екінші дозасы салына бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінге дейін мыңға жуық дәрігер «Спутник V» вакцинасының бірінші дозасын салдырған. Аталған вакцинаның тағы 1000 дозасы жеткізілді. Бұл вакцинаның бірінші дозасын қабылдаған, алғы шептегі дәрігерлерге салынады.

Шымкентке «Спутник» вакцинасының екінші дозасы жеткізіліп, екпені қаланың ақ халаттылары қабылдай бастады. Олар 21 күн бұрын бірінші дозаны салдырған. Әйткенмен, дәрігерлердің бәрі бірдей коронавирус вакцинасын қабылдауға келіспепті.

Әзірге тек аз ғана дәрігерге құйылған вакцинаның жаппай жұртқа қашан жетері белгісіз. Осы ретте Шымкент қаласының бас санитар-дәрігері Әбдіманап Төлебаев Наурыз мейрамын дүркіретіп өткізбеуге, карантин талабын сақтауға шақырды. Ресейлік екпеден күдіктенбеуді де кеңес етті.

Қазір Шымкентте коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсіп жатқандар саны көп емес. Алайда өте ауыр жағдайда жүгініп жатқан науқастар баршылық екен.

Айта кетейік, Жаңа жылдан бері Шымкентте 15 науқас коронавирустан көз жұмды. Жұқпалы дерттен емделіп жатқандар саны 200 адамнан асады.