Шымкентте медициналық оқытудан өткен мамандар тәжірибесін шыңдауда

0
807

Медицина академиясының 25 резиденті коронавируспен күрес және алғашқы дəрігерлік көмек көрсету бойынша толық оқытудан өтті.


Шымкентте медициналық оқытудан өткен мамандар тәжірибесін шыңдауда

Шымкентте медициналық оқытудан өткен мамандар тәжірибесін шыңдауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Бақытжан Позилов мәлімдеді.
– Шымкент қаласы бойынша медицина ұйымдарында коронавирус індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қоры қалыптастырылған. Яғни, қаладағы дәріханалар мен дәрі-дәрмектер қоры және бөлшек сауда бағаларының сәйкестігіне күнделікті мониторинг жүргізілуде. Бүгінде үшінші мегаполисте эпидемиологиялық ахуал тұрақты, – деді Бақытжан Жолдасбекұлы.

Спикердің айтуынша, медицина академиясының 25 резиденті коронавируспен күрес және алғашқы дəрігерлік көмек көрсету бойынша толық оқытудан өтіп, қаладағы №1 клиникалық ауруханасы мен реанимациялық бөлімшелерде тәжірибесін шыңдауда.
Айта кетейік, осы жылдың 24 наурызынан 24 қарашаға дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 5 331 жағдайы (2716 симптомды, 2615 симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 5 160 науқас толық емделіп шыққан.