Шымкентте мектеп директоры қызметкерлерінен пара алды деп айыпталып отыр

0
864

Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін 49 тұлға әшкереленіп, оның 36-сы сотталған.


Шымкентте мектеп директоры қызметкерлерінен пара алды деп айыпталып отыр

Екі жалпы орта мектеп директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Департамент №34 орта мектеп директорына қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. Ол қамқорлығы үшін өз қарамағындағы қызметкерлерден бірнеше рет пара алған және жымқырған деп күдіктелуде. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің қатысуымен бірқатар парақорлық фактілері анықталып, 10 тәртіп сақшысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Асхат Жұмағали мәлімдеді.

Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін 49 тұлға әшкереленіп, оның 36-сы сотталған.

Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының айтуынша, параны жауапкершілікке тартпау, жұмысқа орналастыру, қызмет бойынша жалпы қамқорлығы, рұқсат құжаттарын бергені үшін алуда. Мәселен, ағымдағы жылы Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы әшкереленді. Ол оң сот шешімін шығару бойынша пара алғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотта тексеруші-мемлекеттік аудитор лауазымына тағайындау үшін 15 мың АҚШ доллары сомасында заңсыз сыйақы алды деген күдікпен қалалық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысына қатысты қылмыстық іс қаралуда.