Шымкентте мектеп оқушылары курсанттармен кездесті

0
2 583

Әскери интитутта оқу – бұл болашақтағы материалдық тұрақтылық, мансаптық өсу мен әлеуметтік мәртебенің артуы. ​


Шымкентте мектеп оқушылары курсанттармен кездесті

Шымкент қаласының №129 жалпы орта мектебінде С.Нұрмағанбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттарымен кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесу барысында оқушылар әскери жоғарғы оқу орнында меңгере алатын мамандықтар туралы, өту балдары мен қабылдау критерийлері жайлы, курсанттардың өмірі туралы ақпарат алды. Болашақ офицерлер де оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, жаңа саладағы жетістіктерімен бөлісті.
Әскери интитутта оқу – бұл болашақтағы материалдық тұрақтылық, мансаптық өсу мен әлеуметтік мәртебенің артуы. Жалпы орта білімі бар 17 жасқа толған азаматтар мерзімді қызметте 24 жасқа дейін сарбаз қатарында болады. 25 жастан кейін келісімшарт бойынша әскери қызметші және әскери оқу орындарына үміткер бола алады.
Әскери оқуға түсу үшін оқушылар 30 сәуірге дейін жеке куәлігі мен әскери тіркеу куәлігін алып жергілікті әскери басқару органына барып өтініш жазуы керек.