Шымкентте мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жайы талқыланды

0
918

Мониторинг қорытындысымен анықталған Шымкент қаласында туындаған проблемалық мəселелер айтылды.


Шымкентте мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жайы талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 29-бабына сәйкес «Зор Рух» қайырылымдық жеке қорымен 2019 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижесі бойынша мәселесі көтерілді.

Мониторинг қорытындысымен анықталған Шымкент қаласында туындаған проблемалық мəселелер Департаменттің бас маманы Д.Есіркептің баяндамасында айтылды. Отырыс нәтижесі бойынша жоғарыда аталған қызметті сапалы көрсетуге бағытталған тиісті ұсыныстар берілді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттырумен қатар, тұрғындардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімі артуына ықпал етпек.