Шымкентте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша штаб отырысы өтті

0
1 671

Бүгінде Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 104 медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетуде.


Шымкентте  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша штаб отырысы өтті

Шымкентте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша өңірлік штаб отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жиын барысында аймақтық штаб мүшелері сақтандыру жүйесі аясында туындап жатқан мәселелер бойынша талдау жасап шығып, шешу жолдары туралы ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ, жыл басынан бері жаңа жүйе бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев сөзінше, медициналық ұйымдарда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне төлемдер қабылдау үшін 38 терминал орнатылған. Нәтижесінде қала тұрғындары арнайы орындарға бармай-ақ медициналық ұйымдар базасында төлем жасай алады. Бұл халық үшін өте тиімді. Сондай-ақ, қаланың шетіндегі халыққа медициналық көмекті қол жетімді ету үшін қазір жекеменшік серіктестік аясында жұмыстар қолға алынып жатқандығын басқарма басшысы атап өтті.
Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 104 медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетеді. Оның 72-і мекемесі жекеменшік болса, 32-сі мемлекеттік ұйымдар. Барлық медициналық мекемелерде тіркеу бөлімі мен сақтандыру бойынша анықтама бұрышы жұмыс істейді.
Шымкент тұрғындарының саны бүгінде 1037000-ге жеткен. Оның ішінде 618 393 адам 15 категорияға кіреді. Яғни, мемлекеттің қарауындағы азаматтар.
Айта кетейік, штаб мүшелері екі күн ішінде қаладағы бірнеше медициналық ұйымдарды аралып шықты. Жұмыс тобы денсаулық сақтау мекемелерінде анықтамалық қызмет пен тіркеу бөлімі, қабылдау бөлімі, кадр және техникалық дайындық сынды сақтандыру аясында іске асып жатқан жұмыстар барысын бақылап шықты.