Шымкентте мүгедектерді оңалту орталықтары және арнайы мамандар жетіспейді

0
1 157

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта қалыптастырылған ба?


Шымкентте мүгедектерді оңалту орталықтары және арнайы мамандар жетіспейді

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыру керек. Бүгін Шымкентте өткен дөгелек үстелге жиылғандар осы мәселені талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиынға Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бауыржан Қуанышбеков, Шымкент қаласы Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Жұмағали Білісбеков, қалалық басқарма басшылары, ҮЕҰ өкілдері қатысып, мүгедектердің өмір сүру деңгейін жақсартудың ұлттық жоспары жөнінде атқарылған жұмыстарды талқылады.

Бауыржан Шереханұлы партияның алдында тұрған негізгі басымдықтары мен «Кедергісіз келешек» жобасы аясында атқарылуы тиіс жұмыстарды атап айтты.

Былтыр қыркүйек, қазан айларында осы мәселені кеңінен талқыладық. Сол жиыннан нақты қандай қорытынды шығарылды? Зерделеу жұмыстарының нәтижесі қаншалықты? Биыл қандай жұмыстарды атқарамыз? Біз нақты істелінген жұмыстарды зерделеп, тиісті құзіретті мекемелерге ұсынуымыз керек. Қалада әліге дейін мүгедектерді оңалту орталықтары және онда мамандар жетіспейді, – деді партия филиалы төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ, жиында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаев, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департамент басшысының орынбасары Төрехан Дауытов баяндама жасап, негізгі жоспарларын таныстырды.