​Шымкентте мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған орталық ашылды

0
1 250

Орталықта мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған әйелдерге психологиялық қолдау көрсетіледі.


​Шымкентте мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған орталық ашылды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған әйелдерге арналған коворкинг орталығы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шараға «Mama Pro» қоғамдық қорының құрылтайшылары мен серіктестері, донорлық ұйымдар, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ оқудан өткен ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Жаңа орталықтың құрылуы Mama Pro қорының географиясын кеңейтуге және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға көмектеседі.
Жалпы «Mama Pro» қоғамдық қоры 2018 жылы қолға алынған. Аталған жоба ерекше балаларды тәрбиелеп отырған жанұяларға қолдау көрсету мақсатында құрылған. Бүгінгі таңда Сорос-Қазақстан Қоры мен «KMF-Демеу» корпоративтік қорының қолдауымен «Mama Pro» оқу орталығының бағдарламасын 1216-ға жуық ана аяқтады. Оқуды аяқтаған 100-ге жуық әйел өз кәсібін ашқан. Жоба аясында 120-дан астам әйел психологиялық қолдау курстарынан өткен.
«Mama Pro» қоры мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналарға ең алдымен психологиялық тұрғыда қолдау көрсетеді. Екінші кезекте аналарға жеке кәсіптерін ашуға көмектеседі. Атап айтқанда, орталығымызда бизнесті ашудың қыр-сырын үйрететін курстар бар. Ол жерде білікті мамандар бизнес-план жасаудан бастап, грант ұту мүмкіндіктеріне дейін үйретіледі. Біздің орталықта ерекше балаларды асырап отқан аналарға тегін қызмет көрсетіледі. Біз жақында ерекше балалардың аға-әпкелері бауырларын қолдау мақсатында жаңа жобаны қолға алдық. Көбінесе ата-аналар ерекше балаларға көп көңіл бөледі. Ал, дені сау балаларына қажетті көңіл бөле алмай жатады. Содан отбасыдағы дені сау балалар тұйықталып жатады. Осы ретте, біз ондай балаларға арт-терапия, музыка-терапия, ертегі-терапия арқылы психологиялық қолдау көрсетеміз. Бүгінге дейін шамамен аталған көмекті 100-ге жуық бала алды», - деді ««Mama Pro» қорының SMM маманы және цифрлық сауаттылық тренері.Арғынова Айсулу.
Шара аясында «Mama Pro» қорының қызметі және болашақтағы жобалары таныстырылды. Одан бөлек, Шымкенттегі филиалдың бірінші түлектері өз бизнес-идеяларын көпшілік назарына ұсынды.
Айта кетейік, қазіргі таңда «Mama Pro» қорының Астана, Алматы, Өскемен және Шымкент қалаларында төрт оқу орталығы бар. Жоба ұйымдастырушылары алдағы уақытта Қазақстанның басқа аймақтарынан да «Mama Pro» орталығын ашуды жоспарлап отыр.