Шымкентте мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа жылдық сыйлықтар берілді

0
472

Мерекелік іс-шарада балалар арнайы дайындықтары мен өнерлерін тамашалатты.


Шымкентте мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа жылдық сыйлықтар берілді

Шымкент қаласында 18 жасқа дейінгі барлық мүмкіндігі шектеулі балаларға Жаңа жылдық сыйлықтар таратылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мерекелік тарту қала әкімінің қолдауы бойынша демеушілер есебінен ұйымдастырылған. Жалпы, 6 439 ерекше балаға арналған сыйлықтар мен тәттілерді қаладағы 4 аудан әкімдіктерінің өкілдері үлестіруде.
Әл-Фараби ауданында сондай-ақ, көпбалалы отбасы балаларына арналған Жаңа жылдық шырша кеші де санитарлық талаптарға сәйкес ұйымдастырылды. «Оқушылар сарайында» 150 көпбалалы отбасы бүлдіршіндеріне сыйлықтар табыс етілді.

Мерекелік іс-шарада балалар арнайы дайындықтары мен өнерлерін тамашалатты. Сиқырлы кеште түрлі байқаулар мен концерттік бағдарлама бүлдіршіндерге ұмытылмас, ерекше көңіл-күй сыйлады.