Шымкентте науқастардың азаюына байланысты 360 орындық күндізгі стационар жабылды

0
695

Сағат 08:00-20:00 аралығында қаланың барлық емханаларынан келген 50-ден астам медицина қызметкерлері халыққа қызмет көрсетті.


Шымкентте науқастардың азаюына байланысты 360 орындық күндізгі стационар жабылды

Шымкентте медициналық көмекке жүгінетін азаматтар санының азаюына байланысты жеңіл атлетика спорт кешеніндегі 360 орындық күндізгі стационар жабылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Естеріңізге салсақ, қалада ЖРВИ мен пневмониямен ауырғандар санының күрт өсуіне байланысты қала әкімдігі 15 күн бұрын спорт кешенінен күндізгі стационар ашқан болатын.
Стационарда алғашқы бірнеше күнде 500-ден 700-ге дейін тұрғын емделген болатын.
Бүгінде қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақталуына байланысты, соңғы бес күн ішінде стационарға келушілердің саны күніне 25 адамға дейін азайған.
Күнделікті стационарға әр емханадан екі-үш емделуші ғана келді.
Сондай-ақ, емханалар жанындағы күндізгі стационарларда қосымша төсек-орындардың ашылуына байланысты аталған спорт кешеніндегі стационар қызметіне жүгіну қажеттілігі төмендеді.
Осы себепті қала әкімдігімен жеңіл атлетика аренасындағы күндізгі стационардың жұмысын тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Бүгінде спорт кешенінде тиісті дезинфекциялық тазарту жұмыстары жүргізіліп, ондағы бірқатар жабдықтар емханаларға берілді.
Айта кетейік, жұмыс кестесіне сәйкес күніне сағат 08:00-20:00 аралығында қаланың барлық емханаларынан келген 50-ден астам медицина қызметкерлері медициналық көмек көрсетті.