Шымкентте “неке түнінде әйелін өлтірген”ер адамға қатысты сот үкімі шықты

0
486

Ер адам тағылған айыпты мойындамады.


Шымкентте “неке түнінде әйелін өлтірген”ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Шымкент қаласында әйелін "неке түнінде ұрып өлтірді" деп айыпталған ер адам 9 жылға сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

18 мамыр күні Шымкент қаласының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әйелін "неке түнінде ұрып өлтірген" Серік Жанәлиевті кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. Жанәлиев Азаттыққа тағылған айыпты мойындамайтынын, үкіммен келіспейтінін айтты.
"Серік Жанәлиев Қылмыстық кодекстің 106-бабымен («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») кінәлі деп танылсын. Жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтесін", - деді судья Мадияр Әбдірәсілов.
Әбдірәсіловтің сотта түсіндіруінше, 2022 жылдың 26 маусымында Жанәлиев пен Сағида Байменова мұсылманша неке қидырған. Осы күні түнде жанжалдасып, Жанәлиев Байменованың жағы мен оң иегінің астынан екі рет ұрып абайсызда өлтірген. Бұл сот-медициналық сараптамамен дәлелденген.
«Үкіммен келіспеймін. Дәлелденген жоқ», - деді Жанәлиев.
Айта кетейік, ол сотта тағылған айыпты мойындамады