Шымкентте "Нұр Отанның" 22 жобасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды

0
2 697

22 партия жобасын жүзеге асыру үшін жаңашыл бағдар мен жұмыс әдістерін енгізу талқыланды


Шымкентте

Шымкент қаласында «Нұр Отан» партиясы үшін кадр даярлау мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласында «Нұр Отан» партиясының қызметін жаңғырту аясында бастауыш партия ұйымдарының аймақтық форумы өтті. Жиынға Шымкент қаласының және Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының бастауыш партия ұйымдарының өкілдері қатысты.

Форум жұмысын «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова жүргізіп отырды. Форумға партияның Шымкент қаласы филиалының төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов та қатысты.
Форум барысында, партия мүшелері бастауыш партия ұйымдарының қызметін жақсарту, сондай-ақ әрбір партия мүшесінің ұтқырлық жауапкершілігін ынталандыру мәселелерін талқылады. Кімдердің депутаттық міндеттерді атқара білетіні, кімдердің бастауыш партия ұйымын басқара алатыны да осы жиында талқыға түсті.

Форумға қатысушылар «Нұр Отан» партиясының қызметін жаңғырту аясында жұмысқа қабылдау талаптарының күшейтілгенін, осымен байланысты 22 партия жобасын жүзеге асыру үшін жаңашыл бағдар мен жұмыс әдістерін енгізу қажеттілігін, тұрғындардың сандық сауаттылығын, шағын және орта бизнесті дамытуда ынта-ықыласты арттыруды баса назарға алатынын атап өтті.

Белсенді партия мүшелерінің қызмет сапасын жаңғырту аясындағы барлық сын-ескертпе, ұсыныстары алдағы қазан айында Елордада өтетін республикалық форумда талқыланатын болады.